Сарғылт құндызшөп
(Pulsatilla flavescens)
  • Дүние: Өсімдіктер
  • Класс: Қосжарнақты
  • Тұқымдас: Сарғалдақтар
  • Туыс: Ақжелкенді
  • Түр: Сарғылт құндызшөп (Pulsatilla flavescens)

Сарғылт құндызшөп — Қазақстанда сирек кездесетін өсімдік түрі. Қазақстанның солтүстік бөлігінде Қостанай облысынан Шығыс Қазақстан облысына дейін, оңтүстікте Қарағанды облысының Қу тауына дейін кездеседі. Далаларда, аралас ормандарда, биіктеу жерлерде шашыраңқы өседі. Улы өсімдік, жаңа өсіп келе жатқан өсімдіктің өркенін жеген малдың ас қорыту жүйесі қабынады және жансызданады. Ал құрғақ, кепкен сарғылт құндызшөпті жегенде зияны болмайды. Өсімдіктің топырақ үсті бөлігінің құрамында эфир майы болады, оның ұйықтататын әсері бар. Гүлдері де төмен қарай салбырап ұйықтап тұрғандай өседі. Сондықтан да оны халық арасында «ұйқы шөп» деп атайды. Адамдардың өсімдікті гүлшоғына шектен тыс жинауы, жер жырту өсімдіктің кеңінен таралып өсуіне кедергі жасайды. «Наурызым» қорығында қорғалады.