Платок

Жас экологтар бүгін спирттің ерекше қасиетміне танысты. Тәжірибенің аты «Жанбайтын орамал»

Жұмыстың барысы: Жұмысты бет орамалды жақсылап сулап алудан бастаймыз. Бұл профилактика. Кейін үлкендеу стаканға шамамен 200-250 мл этанол спиртін құямыз, суға малынған бет орамалымызды осы спиртке саламыз. Жақсылап спиртке малып қалғаннан кейін, орамалымызды сықпай, спирті тамшылаған күйінде алып шығамыз, металлдан жасалған қайшымен ұстап тұрып, орамалды жағамыз. Орамалдың сыртқы қабаты тұтанады бірақ орамалдың өзі жанбайды.

Қорытынды: Орамалдың жанбау себебі, спирттің ормаладың сыртында қорғаныш қабатын жасауында. Яғни орамалды жаққан кезде сыртындағы спирт өртенеді, бірақ орамалдың өзі жанбайды.