Лава шамын
Балаларға арналған қызықты тəжірибелердің бірі — «Лава шамын» жасау. Мұндай шамның балалардың назарын өзіне аударары сөзсіз. «Қызықты тəжірибелер» айдарында Диас жас экологтармен бірге осы шамды жасап көрді.
Жұмыстың барысы: бұл жұмыс үшін кәдімгі тұрмысьағы химикаттарды қолданамыз. Ең бірінші сынауқты алып, ішіне ас содасын саламыз. Екінші сынауықта бояғыш ұнтағымызды уксуспен ерітіп дайындаймыз. Бірінші сынауығымыздың үстіне аздап сұйық май құямыз. Кейін үстіне боялған уксус ерітіндісін құйғанда қарқынды реакция жүріп, көпіршіктердің сынауық ішінде қозғала бастағанын байқаймыз.
Қорытынды: Көпіршіктердің пайда болуы бұл уксус пен ас содасының арасында жүріп жатқан реакция.