Бөлме өсімдіктерінің топырағының РН ортасын анықтау

Топырақ сығындысын дайындау

Жұмыстың мақсаты:  Топырақтың қышқылдығын зерттеу арқылы оның экологиялық жағдайын анықтау

Ақпарат. Топырақтың қышқылдығы — бұл негізгі экологиялық фактор. Олар топырақта өмір сүретін микроағзалар мен жоғары сатыдағы өсімдіктердің өсуіне үлкен ықпал етеді. Топырақты ластайтын тағы да металлдардың болуы. Топырақтың қышқылдығы жоғары болған жағдайда оны әкпенен қышқылдығын бейтараптау қажет.

Топырақтың РН ортасын химиялық сынау, талдау үшін таңдалған топырақ үлгісін дайындау және топырақтың судағы ертіндісі мен тұз сығындыларының құрамын анықтау арқылы жүзеге асырылады.  Топырақ сынамасын зерттеу нәтижелері топырақ сығындыларының дұрыс дайындалуына көп байланысты.  Су сығындысында суда еритін тұздардың (хлоридтер, сульфаттар, карбонаттар және бикарбонаттар) концентрациясы, ал тұз қышқылында немесе сығындының рН мәні анықталады.

Қажетті құралдар: шпатель, топырақтың тұзды сығындысын дайындау үшін қажет құралдар, индикатор қағазы, пинцет, полимерлік пипеткалар, 2- пробирка, штатив, оқу таразысы.

Реактивтер мен материалдар: индикатор ертіндісі, дайын топырақтың тұзды сығындысы, қағаз фильтрі. . 

Жұмыс барысы:

1. Екі нысан үшін топырақтың тұзды сығындысын дайындау;

2. Сығындының РН ортасын анықтау; Ол үшін 5 мл сығынды алып төмендегі әдістермен сынақ жүргізілу керек:

2.1 3 тамшы индикатор ертіндісін бірінші пробиркаға құю;

2.2 екінші пробиркаға индикатор қағазын саламыз.

3. Ертіндінің, боялған түріне және индикатор көрсеткішіне қарап әр нысанның РН көрсеткішін анықтау;

Күнделік

«Мен зерттеушімін» айдарында ерікті жас ғалым Елжастың бөлме гүлдерінен екі нысан — герань және ала кодиеум гүлдерінің топырақ құрамының қышқылдық (РН) ортасын анықтауға тәжірибе жасады.

Тәжірибе барысында индикатор ерітіндісі мен индикатор қағазын қолдана отырып гүл топырақтарынан алған сығындылардың РН ортасын анықтады.

Қорытынды: Топырақтың РН ортасының көрсеткіші бойынша герань гүлі өсіп тұрған топырақтың РН ортасы — 5-ке тең, яғни қышқылдығы жоғары деген қортындыға келеміз. 2- нысан ала кодиеум гүлінің топырағының РН ортасы — 7-ге тең, яғни орта бейтарап. Қортындылай келсек герань гүлінің топырағын ауыстыру керек немесе бейтараптау жұмысын жүргізу қажет. Жапырақтарының сарғайып, өсуінің баяулауы топырақтың РН ортасына байланысты.